Ораза кестесі 2026: қай уақытта ауыз бекітіп, қай уақытта ауыз ашамыз?

cover Фото: Pixabay

ҚМДБ 2026 жылғы ораза кестесін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

Астана мен Алматы қаласы

Рамазан кестесін елордамыздан бастасақ, Астана қаласында сәресі 05:49 ал ауызашар уақыты 17:42-де.

Еліміздің оңтүстік астанасында сәресі 05:26-дa болса, ауызашар уақыты 17:31-дe.

Оңтүстік аймақтар

Оңтүстік аймақтағы мегаполистердің қатарына кіретін – шырайлы Шымкент қаласында сәресі 05:55-тe болса, ауызашар уақыты 18:02-де.



Қызылорда қаласында 06:12-дe ауыз бекітсе, 18:14-те ауыз ашады.


Тараз қаласында сәресі 05:48-де, ал ауызашар уақыты 17:54-те.



Тарихы тереңде жатқан Түркістанда 06:01-де ауыз бекітсе, ауызашар уақыты 18:06-да.



Ал Жетісу облысы, Талдықорған қаласында сәресі 05:04-те болса, ауызашар уақыты 17:37-де.


Алматы облысы, Қонаев қаласында 05:25-те сәресі, ал 17:30-да ауызашар.



Солтүстік аймақтар

Павлодар қаласында сәресі 05:26-да, ал ауызашар уақыты 17:18-де.



Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында 05:57-де сәресі болса, 17:43-те ауызашар уақыты.


Ақмола облысының Көшетау қаласында 05:57-де сәресі, ал 17:46-те ауызашар.



Қостанай қаласында 06:20-да сәресі болса, 18:09-да ауызашар.



Батыс аймақтар

Ал еліміздің батыс аймағындағы Ақтөбеде 06:46-да сәресі, ал 18:41-де ауызашар уақыты.



Атырау қаласының тұрғындары 07:07-де сәресін ішсе, 19:05-те ауызашар.



Маңғаз дала Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 07:09-да сәресі, ал 19:14-те ауызашар.



Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 07:09-да сәресі, 19:02-де ауызашар.


Шығыс аймақтар

Абай облысы Семей қаласының тұрғындары 05:13-те сәресін ішсе, 17:08-де ауыз ашады.



Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында 05:04-те сәресі, ал 16:59-да ауызашар уақыты.



Орталық аймақтар

Қарағанды қаласында 05:42-де сәресі, 17:38-те ауызашар.



Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында 06:03-те сәресі болса, 18:01-де ауызашар.









Жаңалықтар

барлық жаңалықтар