2026 жылдың алғашқы 10 күнінде 66 мың қазақстандық өзін-өзі жұмыспен қамтыған

cover Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы қаңтардың алғашқы 10 күнінде жаңа Салық кодексі аясында 66 мың жеке тұлға өз қызметін заңдастырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.       

Комитет бұл көрсеткіштерге Қазақстанда арнайы салық режимін енгізудің арқасында қол жеткізгеніне сенімді, олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесінде жұмыс істей бастаған.

«Бұған дейін бұл азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қызмет атқарып келген. Енді олар өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жаңа субъектілері болып, артық әкімшілік рәсімдерсіз заңды түрде жұмыс істеп жатыр»,  деп мәлімдеді Мемлекеттік кірістер комитеті. 


Комитет өкілдері мұның бәрі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимінің енгізілуі нәтижесінде мүмкін болғанын атап өтті.

Бұл – жеке еңбекпен табыс табатын және өз бетінше жұмыс істейтін жеке тұлғаларға арналған қарапайым әрі ыңғайлы салық салу режимі.

Аталған режим мына тұлғаларға арналған:

  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген;
  • жалдамалы қызметкерлерді пайдаланбайтын;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен рұқсат етілген қызмет түрлерімен айналысатын
    (2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулы);
  • ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен аспайтындар (2026 жылы шамамен 1,3 млн теңге).

Режимнің негізгі артықшылықтарына тоқталсақ:

  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес;
  • жеке табыс салығы төленбейді (ЖТС мөлшерлемесі – 0%);
  • әлеуметтік төлемдер табыстың небәрі 4%-ын құрайды.

Оның ішінде салық жағдайына келетін болсақ:

1% – міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ),
1% – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ),
1% – әлеуметтік аударымдар,
1% – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС);
 
Сонымен қатар олар салық есептілігін тапсырудан босатылады.


Қызмет «e-Salyq Business» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Онда бақылау-касса машинасын қолданбай чек қалыптастырылады және әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі.
Ал интернет-платформалар арқылы жұмыс істеген кезде чектер мен әлеуметтік төлемдер платформаның операторы арқылы қалыптастырылып, ұсталып және аударылады.

Тағы бір йта кетерлігі, режимді қолдану туралы хабарлама беру талап етілмейді, режимнің басталу күні ретінде қосымшада алғашқы чектің қалыптастырылған сәті есептеледі.


Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар