2 млрд теңге жымқырған депутат қамауға алынды
Фото: Ольга Ибраева, Orda.kz
ШҚО мен Абай облысында 2 млрд теңгеден астам қаражат жымқырған депутат пен компания басшылары ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті «QazConstructions» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу мәліметінше, екі өңірдің жеті ауданында салынуы тиіс 11 әлеуметтік нысанның құрылысына арналған қаржы мақсатсыз жұмсалған.
Күдікке ілінгендер қатарында компанияның бұрынғы директорының орынбасары мен Күршім аудандық мәслихатының депутаты бар.
Қаржы ұрланған соң төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жеті ауылды ауыз сумен қамтуға арналған су желілері іске қосылмаған. Бұл жобалар 20 мыңнан астам тұрғынның тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған еді.
Жымқырылған қаржының жалпы көлемі 2 миллиард теңгеден асады. Тергеушілердің дерегінше, күдіктілер жымқырған қаржыны өзара байланысы бар кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға ауыстырып алған.
«Тергеу барысында күдіктілердің қылмыстық жолмен тапқан табысына Астанадағы элиталы тұрғын үй кешендердегі пәтерлер, «Lamborghini Urus», «Cadillac Escalade», «Mercedes» автокөліктері және асыл тұқымды жылқылар сатып алынғаны анықталды. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды» деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Екі күдіктіге қатысты бұлтартпау туралы шешім қабылданып, екі ай мерзімге қамауға алынды.
Жаңалықтар
- Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды
- Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді
- Қырғызстанда қазақстандық әйелге бала саудасы бойынша үкім шықты
- Италия сапары мен қымбат тұрмыстық техника: Астанадағы қалалық емханада 675 млн теңге жымқырылған
- Перизат Қайрат түрмеде тазалықшы болып жұмыс істеп жүр
- Тоқаев Корея президентінің арнаулы өкілімен қазақ-корей ықпалдастығын одан әрі нығайту жолдарын талқылады
- Қазақстан Түркияның әскери мүлкі мен әскери қызметкерлерінің транзитіне рұқсат береді
- Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді
- Мемлекеттік қызметкердің есірткіге әуестігі тексеріледі: Мәжіліс заң жобасын қарап жатыр
- Магнус Карлсенмен суретке түскен Алуа Нұрман халықаралық турнирден 2-орын алды
- Қаңғыбас иттерді өлтіруге рұқсат берілді
- Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратында болған өрттің алдын ала себебі белгілі болды
- Алматыда 2030 жылға дейінгі қаланың бас жоспарына сай қай жолдар ұзарып, қандай нысандар сүріледі?
- Әділетхан Молдахан 2 айға қамауға алынды
- Коуч пен психологтардың құқықтық мәртебесі заңмен айқындалмақ
- Қозы Көрпеш – Баян Сұлу мерекесі жайлы не білеміз?
- Сағатына 100 мың жалған хабарлама: Құпия деректер мен банктегі қаражатты қолды қылатын алаяқтардың жолы кесілді
- Таяу Шығыстағы ахуал: Трамп айтқан «алтын дәуір» бастала ма?
- Әкімдіктегілер түстен кейін жұмысына оралады — Ақтөбе облысының әкімі