19 жастағы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеу алаңда көз жұмды
Фото: «Хан-Тәңірі» ФК
«Хан-Тәңірі» клубының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу футбол алаңында көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол бүгін «Екібастұзға» қарсы өткен ойында негізгі құрамда ойнаған. Алайда екінші таймда өзін жайсыз сезінген соң ауыстырылды. 64-ші минутта Диасты алаңнан зембілмен шығарып алып кетті.
Қаралы хабарды «Хан-Тәңірі» ФК ресми Instagram парақшасында жариялады.
«Хан Тәңірі футбол клубы ауыр қайғыға тап болды. Бүгін біздің ойыншымыз Диас Төлеу кенеттен өмірден өтті. Клуб атынан Диастың отбасына, туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Диастың есімі мен бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады» деп жазды «Хан-Тәңірі».
ҚФФ бас хатшысы Давид Лория мен кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылқайыр оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін шұғыл Алматыға аттанды.
Диас Төлеу — «Қайрат» клубының түлегі, биылғы маусымда «Хан-Тәңірі» сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.
⠀
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран