«1,2 млрд теңге жымқырды»: Алмасбек Садырбайға аппеляциялық сот қандай шешім шығарды?
Фото: Бейнежазбадан кадр
1,2 млрд теңге көлеміндегі субсидия қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған Алмасбек Садырбайдың Қонаев қаласында апелляциялық соты өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл апелляциялық сотта Алмасбек Садырбайды үй қамаққа шығару ұсынылды.
«Бүгін біз соттың прокуратураның пайдасына шешім шығарғанына куә болдық. Алмасбекті қамауда ұстауға ешқандай негіз жоқ еді. Бұл Жоғарғы соттың қаулысында, нормативтік қаулыларда және қылмыстық-процессуалдық заңнамада көрсетілген. Сот прокуратура мен тергеу органдары ұстанымын қолдады, алдағы уақытта біз бұл мәселеге қатысты Алмасбек Садырбаймен бірге әрекет етеміз», — деді адвокат Қуаныш Төлегенов.
Қазіргі таңда тағы бір күдікті, Марал Тоқбаева Алматы қаласында үй қамақта отыр.
Сот Алмасбек Садырбайды үй қамаққа шығарудан бас тартып, прокурордың пайдасына шешім шығарды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ауыл шаруашылығы басшылары Алмасбек Садырбайға қолдау көрсетуге жиналды, бірақ сот алқа билері олардың пікір білдіруіне рұқсат бермеді.
«Мен Орал қаласынан Батыс Қазақстанның аманатын арқалап, Алмасбекті қолдап келіп отырмын. Сот әділ шешім шығарған жоқ. Алмасбекті бүкіл Қазақстан біледі, оның қашып кетуі мүмкін емес. Орал қаласындағы көптеген мәселелерді шешуде Алмасбектің еңбегі зор болды. Ол адал азамат, тергеу барысында қашып кетпейді, сондықтан оны үй қамаққа шығару керек», — деді Қанат Байкенов.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті аймақтық прокуратурамен бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Алмасбек Садырбайды 1,2 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырды деген күдікпен ұстаған болатын.
Жаңалықтар
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады