10 жастағы баланың өліміне қатысты Тәжікстан Ресей елшілігіне наразылық нотасын жіберді

cover Фото: Freepik.com

Мәскеу маңындағы Одинцово елді мекенінде 9-сынып оқушысы 4-сынып оқушысын аяусыз пышақтап өлтірген соң Тәжікстандағы Ресей елшілігіне наразылық нотасы жіберілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Айта кетейік,  9-сынып оқушысының қолынан қаза тапқан 4-сынып оқушысының ұлты тәжік. Осыған орай Тәжікстан сыртқы істер министрлігі қайғылы қазаны объективті түрде тергеуді талап етті. Ведомствоның мәлімдеуінше, олар ұлттық араздыққа негізделген шабуыл сол жерде қаза тапқан тәжік азаматы Әлиев Кобилджонға қарсы қасақана жасалған деп айыптайды. 

Сонымен қатар, Тәжікстанның СІМ ресейлік билік қылмыскерлердің барлығын заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуға шақырды.Сондай-ақ,  Ресейдегі елшілігіне қаза тапқан адамның туыстарымен тұрақты байланыста болу тапсырылды.

Еске салсақ, сейсенбі күні Горки-2 елді мекеніндегі мектепте 9-сынып оқушысы 4-сынып оқушысын өлтіріп, күзетшіні жаралаған еді. Қайғылы оқиға туралы толық мәліметті осында оқуға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар