1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді

cover Фото: gov.kz

Биыл 1 сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде мәлімдеді. 

Құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін жалғасады. Бұған дейін өтініштер 1 сәуірден басталатын еді. Министрдің айтуынша, ол кезеңде мектептерде оқу процесі жүріп жататындықтан, құжат қабылдауды жүйелі ұйымдастыруда қиындықтар туған. 

«Биылдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі қайта қаралды. Құжат тапсыру уақытының өзгеруі ата-аналар үшін де, мектеп ұжымдары үшін де қолайлы болады деп санаймыз», — деді министр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар