Зумерлер революциясы: Непалда алғаш рет премьер-министр әйел адам болды
Фото: livemint.com
Непалдың Жоғарғы сотының бұрынғы төрайымы Сушила Карки елдегі жаппай наразылықтар салдарынан үкімет отставкаға кеткеннен кейін уақытша премьер-министр болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Непал билігі Facebook, Instagram, YouTube, X, Reddit және LinkedIn сияқты ірі әлеуметтік желілерді жергілікті министрлікте тіркелмегені үшін бұғаттады. Бұл елдегі жастардың ызасына тиіп, наразылық танытуына себеп болды. 1995–2012 жылдар аралығында туған жастар өздерінің көтерілістерін «Зумерлер революциясы» деп атады.
73 жастағы Карки қысқа рәсім барысында ант беріп, Непал үкіметін басқарған алғашқы әйел атанды. Ол Z ұрпағының студенттік қозғалысы көшбасшыларының қолдауына ие болды және «таза беделге ие саясаткер» ретінде танымал.
Наразылыққа шыққан «Z ұрпақ» қашып, өзенге секірген қаржы министрі Бишну Прасад Пауделдің артынан қуды. Наразы халық алдымен министрді ұрып-соғып, киімдерін шешіп, жол бойымен сүйреген.
Тіпті наразы халық Шарма Олидің жұбайы, елдің сыртқы істер министрі Арзу Рана Деубаны ұрып-соғып, үйіне қамап, өртеп жіберді.
Сол күні парламент таратылды. Ел президенті Рам Чандра Паудел жаңа сайлау 2026 жылғы 5 наурызда өтетінін жариялады. Алдағы күндері Карки уақытша министрлер кабинетінің құрамын жасақтауы тиіс.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды