«Зорлап өлтірген»: Қостанайда 21 жыл бұрынғы қылмыс әшкереленді

cover Фото: Envato

Қостанайда 21 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Polisia.kz порталының мәліметінше, 2003 жылдың мамыр айында Қостанай қаласының ауласынан зорлық-зомбылықпен өлтірілген 21 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылған. Сараптама оны тұншықтырып өлтіргенін көрсетті. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілген. 

Полиция мәліметінше, күдіктілердің бірі анықталғанымен, оның кісі өлтіруге қатысы бары туралы дәлелдер жеткіліксіз болды. Бірақ полиция қызметкерлері дәлелдерді жинауды 20 жыл бойы тоқтатпаған. Ақпан айында қосымша тергеу шаралары жүргізіліп, нәтижесінде 44 жастағы күдікті ұсталды.

Ол 2003 жылдың ақпан айында марқұммен танысқанын және бірге алкоголь ішкенін мойындады. Күдікті жәбірленушіге жыныстық қатынасқа түсуге ұсыныс жасаған. Бірақ ол бас тартқан соң тұншықтырып өлтіргенін айтты. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар