Жүрегіне бұтақ қадалып мерт болған әйелдің отбасына 950 мың теңге беріледі

cover Фото: әлеуметтік желіден

Павлодарда болған қатты дауылдан соң сынып құлаған ағаш бұтағы жүрегіне қадалып қайтыс болған әйелдің отбасына 950 мың теңге беріледі, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға 19 маусымда Павлодар облысының Ақсу қаласында болды. Қатты дауылдан 16 адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Марқұм болған келіншектің отбасына жергілікті атқарушы органдар 950 мың теңге көмек бөліп, жерлеу кезінде туыстарын тасымалдау үшін автобус берді.  Келіншектің артында кәмелетке толған үш ұлы мен бір немересі қалды.

Айта кетейік, Павлодарда ағаш құлап, бұтағы көлікте отырған әйелдің жүрек тұсына қадалған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар