Ұжымдық Айт намазы мешітте оқылмайтын болды

cover

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Құрбан айт кезінде тұрғындар бағыну керек қаулыға қол қойды.

Бұл туралы Orda.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Қаулы бойынша, тұрғындар Құрбан айт мерекесін ұжыммен өткізе алмайды. Қонақ күтуге және мешіттегі Айт намазына тыйым салынды.

– Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде «Айт намазы» ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынады, - делінген қаулыда.

Ал құрбандық шалу рәсімі онлайн түрде qurban2021.kz сайты арқылы өтеді.

Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар