Жүктілігін жасырған студент: Павлодарда жаңа туған сәбидің өлімімен аяқталған іс бойынша үкім шықты

cover Фото: Pexels

Павлодарда жүктілігін ата-анасынан жасырған студентке жаңа туған сәби өліміне қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Сот деректеріне сәйкес, бойжеткен жүктілігін бүкіл мерзім бойы ата-анасы мен айналасындағылардан жасырып келген. Өткен жылдың қазан айында студенттік жатақхананың жуынатын бөлмесінде ол толық жетілген қыз баланы дүниеге әкелген.

Іс материалдарында көрсетілгендей, босанғаннан кейін айыпталушы психотравмалық жағдайда болып, сәбидің жылаған дауысы оның туғанын әшкерелейді деп қорыққан. Сол себепті ол жаңа туған қызын сүлгіге орап, тыныс алу жолдарын жауып тастаған. Соның салдарынан сәби көз жұмған.

Сотта бойжеткен өз кінәсін толық мойындады. Оның айтуынша, ол екі жылдан астам уақыт бойы жігітімен кездесіп жүрген, алайда жүкті екенін білген соң, жігіт балаға жауапкершілік алудан бас тартқан. Жүктілік туралы одан басқа ешкім білмеген. Ол баланы жалғыз тәрбиелеуге дайын болмағанын және туыстарынан қорыққанын айтқан.

Сот отырысында жәбірленуші ретінде қатысқан анасы болған жағдайды топ старостасынан естігенін жеткізді. Жатақханаға келген кезде қызын ауыр жағдайда көріп, бірден жедел жәрдем шақырған. Нәрестенің денесін полиция қызметкерлері алып кеткен.

Іс қысқартылған тәртіппен қаралды: сот айыпталушы мен жәбірленушіден ғана жауап алумен шектелді. Қыздың әрекеті Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша — «Психотравмалық жағдайда, босанғаннан кейін анасының жаңа туған баласын өлтіруі» ретінде сараланды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні толық мойындауы, шын жүректен өкінуі, алғаш рет құқық бұзуы және жас екені ескерілді.

Сот студентті кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Оған тұрғылықты жерін ескертусіз өзгертуге және ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды.

Сондай-ақ ол жаза мерзімі ішінде жыл сайын қоғамдық орындарда 100 сағаттан мәжбүрлі еңбек етуше міндеттелді, жұмыс күніне төрт сағаттан аспауы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына кінәлі 10 жылға сотталуы мүмкін

Өскеменде полиция қызметкерін атып кеткен күдіктілер ұсталды

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар