Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС шегерімін қолдану тетігі қаралды
Фото: Ukimet
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Салық кодексін енгізу жөніндегі отырыста мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастырған ұйымдардың өтініші қаралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Отырыста көтерілген мәселе – жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты осындай қызметкерлерге салық салу тәртібі.
Үкімет баспасөзінің мәліметінше, депутаттар корпоративтік табыс салығы бойынша салық жеңілдігін қолдану мақсатында 2026 жылдан бастап мүгедектігі бар қызметкерлерге еңбекақы төлеу қоры 51% бірыңғай үлесі қолдануды ұсынған. Яғни, есту, сөйлеу, көру қабілеті жағынан мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда бұрын қолданылған 35%-дық үлес нормасы өзгерді.
«Сонымен қатар алғаш рет Салық кодексіне мүгедектік тобына байланысты ЖТС бойынша әлеуметтік салық шегерімін саралау нормасы енгізілді. Егер бұрын жұмыс істейтін мүгедектігі бар адам үшін шегерімнің жалпы шегі 882 АЕК болса, жаңа түзетуде бұл шама үшінші топтағы мүгедектік үшін сақталған. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар қызметкер үшін шегерім мөлшері 5000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды» деп жазды үкіметтің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік органдарға осы норманы қолдану бойынша өтініштер түсе бастаған.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
- Сара Назарбаева ауруханадан шықты
- Астана қаласының прокуроры ауысты
Жаңалықтар
- Таразда 2 баласын терезеден лақтырған әйел психикалық дертпен есепте тұрған
- Бішкекте мектеп сыныптарын орыс және қырғыз тілдеріне бөлуден бас тартпақ
- Ресейдегі Мемлекеттік Думада депутат Нұрлан Сабуровтың сөзін сөйледі
- Сабуровтың «майданға сыйлығы» туралы жазба әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін өшірілді
- Жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ЖТС шегерімін қолдану тетігі қаралды
- «Терроризмді насихаттаған»: Семей қаласының тұрғыны желідегі хабарламасы үшін сотталды
- Ақтөбеде әйел мен 3 баланың денесі табылды
- Сара Назарбаева ауруханадан шықты
- Астана қаласының прокуроры ауысты
- «Ақсуда мал жаюға арналған жер телімі сатылып кеткен»: Жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
- Мемлекет басшысы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады
- Илон Маск Ай мен Марсқа қала салуды жоспарлап отыр
- Баға шарықтап барады: Қазақстанда ет бағасы бір жылда 30 пайызға өсті
- Қонаевта қатты дауыл соғып, шатырлар ұшып, ағаштар құлады
- Шымкент қаласына жаңа прокурор тағайындалды
- Өздерін ломбард желісі деп таныстырған алаяқтар қолға түсті
- «Жігіттер жеңіспен оралсын». Сабуров Ресей әскерін қолдаған видео жарияланды
- Абылайхан Жұбаназар дзюдодан халықаралық турнирде Қазақстанға үшінші медаль әкелді
- Жапониядағы сайлау: Санаэ Такаити партиясы парламентте басым көпшілікке ие болды
- Депутат Елнұр Бейсенбаев президент әкімшілігінде жаңа лауазымға тағайындалды