«Жұмыс істегенсіп, жайларыңа кеттіңдер ме?» Тоқаев әкімдерге ескерту жасады
Фото: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалаларда Қазақстанды абаттандыру және аумақтарды тазарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Orda.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында әкімдерге ескерту жасады.
«Су тасқынынан зардап шекпеген өңірлерде менің тапсырмам бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталып жатыр. Мен барлық әкімдерге бұл бір реттік науқан емес екенін ескерттім. Яғни, сенбілікке шығып, жұмыс істегенсіп, жайларыңа кеттіңдер ме? Жоқ, олай болмайды. Бірқатар көршілес мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанды көгалдандыру, облыстар мен қалалардағы аумақтарды тазарту бойынша жұмыс үнемі жүргізілуі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы азаматтарға тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын нақты уақыт режимінде бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ол биылғы жылдың соңына дейін су тасқынын басқарудың ұзақ мерзімді стратегиясын анықтап, тиісті бағдарламалық құжаттарды қабылдау қажет деп санайды.
Жаңалықтар
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды