Жуалы ауданында фельдшерді қорлаған тұрғынға айыппұл салынды
Фото: Orda.kz
Жуалы ауданында фельдшерді қорлаған тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жуалы аудандық соты медицина қызметкерін қорлаған тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады.
«Мейрамханадан оралған соң өзін жайсыз сезінген мас азамат Т. жедел жәрдем шақырған. Алайда фельдшер келгенде ол балағат сөз айтып, дәрі-дәрмек салынған сөмкесін теуіп жіберген. Қорыққан фельдшер полицияға хабарлауға мәжбүр болды. Өз түсіндірмесінде Т. мейрамханада өткен іс-шарадан үйге келгенде аяғын сезбегенін, содан кейін жедел жәрдем шақырғанын түсіндірді», деп мәлімдеді Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі
Сотта азамат кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Оның өкінгенін әрі кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерген сот айыппұлды 30 пайызға қысқартты.
Еске сала кетсек, Түркістанда ер адам әйелінің ішін ұстап тексеріп көрген фельдшерді соққыға жыққан еді.
Нәтижесінде Т.-ға 82 мың теңге айыппұл салынды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды