Жириновский «Желтоқсан оқиғасына» қатысқандарды «ұлтшылдар» деп айыптады

cover

Ресей Мемлекеттік думасының депутаты Владимир Жириновский бір күн бұрын әйгілі «Желтоқсан оқиғасына» қатысқандарды ұлтшыл деп айыптап, Қазақстандағы орыстарға жасалатын қысым туралы әдеттегі сандырағын сапырды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Саясаткердің айтуынша, қазақтар арасында орыстарға деген қолайсыз көзқараса уақыт өте күш алған. Қазақтар ылғи «бұл біздің жер, сендер қонақсыңдар» дегенді көп айтатын дейді, ол. Жириновскийдің пікірінше, Горбачевтің Колбинді басшы етіп сайлауы өте дұрыс шешім болған.

– Мен ол жерде тұрдым және әскери борышымды өтедім. Орыстарға қатысты ешқандай қысым болмаған уақытта, яғни, 1964 жылы көшіп кеттім. Бірақ орыстарға деген қарсылық бар еді.

Бізге «бұл қазақтардың жері, сендер қонақсыңдар» деп айтатын. 1986 жылдың желтоқсан айында Горбачевтің Колбинді сайлауы өте дұрыс болды. Алматыдағы орталық алаңға ұлтшыл жастар шығып дау туғызды, - деді Владимир Жириновский.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар