Жетісуда электр желілеріне бөлінген ақшаны жеп қойған аудан әкімінің орынбасары сотталды

cover Фото: freepik.com

Алакөл ауданына қарасты Арқарлы ауылындағы электр желілерін салу және қайта жаңғырту барысында аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ол іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға қол қойған. Соның салдарынан бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам қаражат аударылған.

«Мемлекеттік айыптау арқылы лауазымды тұлғаның ісі ауыр салдарға әкеп соққан, оның қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану қылмысын жасағаны толық дәлелденді»,  деп хабарлады Бас прокуратура.

Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда қызмет атқара алмайды.

Айта кетейік, Астанадағы көпір үстінде бірнеше көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар