Жетісу облысында «Қорғас» ШЫХО-ның үш еншілес кәсіпорнының заңсыз әрекеттері тоқтатылды

cover

Жетісу облысындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының үш еншілес ұйымының заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлады Orda.kz.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БӘДК) баспасөз қызметінің мәліметінше Монополияға қарсы орган бұл компанияларды жекешелендіріп, нарық жағдайында жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беретін бәсекелес ортаға беруді ұсынды.

«ҚР Монополияға қарсы қызметінің Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас-Коммерц», «Қорғас-Энерго», «Қорғас-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтады. Сот шешімін орындау нәтижесінде аталған компаниялар жұмысын тоқтатты» деп жазылған хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар