Жетімдерді баспанасыз қалдырған депутат 67 млн пайда көрді
Фото: Мұғалжар аудандық әкімдігі
Ақтөбе қалалық №2 сотында әлеуметтік осал азаматтарды баспанасыз қалдырған депутаттардың ісі қаралып жатыр. Мұғалжар ауданында қазір 1600-ге жуық адам үй кезегінде тұр, деп хабарлайды Orda.kz.
Іс материалдарына сүйенсек, 2020 жылы Мұғалжар аудандық мәслихатының бұрынғы төрағасы Бақытжан Қадралин «Базис» ЖШС-нен ескі жатақхананы 8 млн теңгеге сатып алған. 2023 жылы оны 70 пәтерлі үй ретінде мемлекетке 672 млн теңгеге өткізген. Сотта әр пәтердің құны 3,4 млн теңгеден 12,6 млн теңгеге дейін бағаланғаны айтылды.
Тергеу дерегіне қарағанда, Қадралин 630 млн теңге пайда көрген, ал екінші депутат қалған 42 млн теңгені өз қажеттілігіне жұмсаған. Прокурордың сөзінше, Қадралин бұл ақшаны депозитке салып, қосымша 67 млн теңге пайда тапқан. Ол кейін Қандыағаштан бірнеше нысан алуды жоспарлап, мүлікті әйелінің атына рәсімдеген. Антикор тексеріс жүргізгеннен кейін нысандар әйелінің атынан тәркіленген.
Сатып алынған нысандар:
- «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 279 шаршы метрлік ғимараты — 11,7 млн теңгеге;
- Қандыағаштағы пәтер — 9,8 млн теңгеге;
- Сол компанияның тағы бір 2 503 шаршы метрлік нысаны — 123,5 млн теңгеге алынған.
Қазір бұл мүліктер мен қаржы айналымы тергеу аясында тексеріліп жатыр.
Осыған дейін Ақтөбе қалалық сотында сотталып жатқан депутаттар ісі туралы жаздық. Жетім балалар мен көпбалала отбасыларды баспанамен қамтуға үшін мемлекеттен бөлінген жүздеген миллион теңге жекеге аударылып кеткен. Соңында тексерушілер үйді де, ақшаны да таппай қалды.
Мұғалжар аудандық сотының қаулысымен 2023 жылы келісімшартты заңсыз деп танылып, екінші депутаттың әйелі А.Ә.-ден 672 млн теңгені қайтару туралы шешім қабылданды. Себебі бес қабатты ғимарат жатақхана деп тіркеулі тұр. Үй ішіндегі қабырғаларды бұзу, қайта жаңғырту кезінде техникалық талаптар сақталмаған. Депутаттарға қатысты іс сотта әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері таңертеңнен кешке дейін қаралатын болады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты