Жетім бала қорлыққа шыдамай, терезеден секіріп кеткен

cover Фото: Дина Смаилова

Жамбыл облысы Қаратау елді мекенінде терезеден құлап, денесін жарақаттап алған жетім баланың оқиғасы жалғасын тапты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Баланың қамқоршылары көрсеткен қорлығынан қашып құтылғысы келгенін бірінші психологтың жазбалары растайды.

«Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова

– Бір жыл бойы олар ұл мен қызды туыстарынан жасырып, сөйлесуге рұқсат бермеді және оларға қарсы шықты. Әжесі баланы бір рет қана көрген. Патронаттық отбасы жүйесі балалар үйінің жүйесі сияқты балалар үшін жабық және қауіпті! Балаларға қатысты зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен барлық балалар үйін жаптық, бірақ баланы жақсы көріп,  оның құқықтарын құрметтеуді үйренбейінше ештеңе өзгермейді! - деп жазды Дина Смаилова Facebook-те.

Құқық қорғаушы қамқоршыларды бала тәрбиелеу құқығынан бірден айыруды талап етуде.

Қаратаулық баланың жағдайы 2020 жылдың тамызында белгілі болды. Бір-екі жыл бұрын бала екі әпкесін қамқорлығына алған отбасына түскен.

Бірақ бала екінші қабат терезесінен секіріп кеткен. Қоғам белсенділері оны біреу лақтырып жіберді деп күдіктенген. Бала жерге дұрыс секірмеген. Салдарынан дене жарақаттарын алды. Ол көрші аулаға еңбектеп кіріп, екі-үш күн бұталардың арасында жатқан.

Кейін қамқоршылары оған қорлық көрсеткені белгілі болды.

Смаилова баланың тізесінде тыртықтар болғанын айтты. Баланың айтуынша, қамқоршылары оларды «тәрбиелеп, тізерлеп отырғызған».

Құқық қорғаушы бұл әрекеттерге ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша іс қозғалу керек дейді.

Полиция іс бойынша тергеуді бастаған.

Ең қызығы, жетім балаларды қорлық көрсеткен қамқоршыларының қолына қайта табыстаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар