Жеті ел Ормуз бұғазын ашуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеді

cover Фото: Wikimedia

Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Жапония және Канада Ормуз бұғазы төңірегіндегі жағдайға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мәлімдеме Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтында жарияланды. «Біз Иран тарапынан Парсы шығанағындағы қарусыз коммерциялық кемелерге жасалған соңғы шабуылдарды, мұнай-газ нысандарын қоса алғанда азаматтық инфрақұрылымға жасалған соққыларды, сондай-ақ Ормуз бұғазының іс жүзінде жабылуын қатаң түрде айыптаймыз. Қақтығыстың ушығуына қатты алаңдаулымыз», деп жазылған мәлімдемеде. 

Жеті ел Иранды миналау жұмыстарын, дрондар мен зымырандарды қолдануды, сондай-ақ бұғаз арқылы коммерциялық кеме қатынасын бұғаттауға бағытталған кез келген әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырды. Сондай-ақ олар Ормуз бұғазын ашуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.

Аталған мемлекеттердің билігі энергетикалық нарықтарды тұрақтандыру үшін бірқатар өндіруші елдермен бірлесіп, мұнай өндіру көлемін арттыру бағытында шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ олар ең көп зардап шеккен елдерге БҰҰ және халықаралық қаржы институттары арқылы қолдау көрсетуге уәде берді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар