Жер салығы жойылады: Сенат жаңа салық кодексінің жобасын мәжіліске қайтарды
Фото: nalogi.kz
Сенаттың Қаржы және бюджет комитеті жаңа Салық кодексі жобасын екі оқылымнан соң мақұлдап, оның жекелеген баптарын мәжіліске қайта қарау үшін қайтарды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шкалалар өзгереді:
- Жылдық табысы 8500 АЕК-тен (шамамен 33,4 млн теңге) асатын жеке тұлғалар үшін: – 15%;
- Дивидендтерге: 230 000 АЕК-ке дейін (шамамен 904,4 млн теңге) – 5%; бұл сомадан жоғары болса – қосымша 15%;
- Жалпы тәртіптегі жеке кәсіпкерлер үшін: 904,4 млн теңгеге дейін – 10%; бұл сомадан жоғары болса – тағы 15% қосылады.
Дәулетті адамдарға салынатын салық:
10% акциз салығы:
- бағасы 75 млн теңгеден асатын автокөліктерге;
- құны 100 млн теңгеден жоғары ұшақтар мен яхталарға;
- Жылжымайтын мүліктің жалпы құны 450 млн теңгеден асса, әр нысан бойынша мүлік салығы — 2%.
ҚҚС:
- 12%-дан 16%-ға дейін өседі;
- Медицина, дәрі-дәрмек және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік үшін: 2026 жылдан бастап – 5%;
2027 жылдан бастап – 10%; - МӘМС және ТМККК аясындағы қызметтер ҚҚС-тан бұрынғыдай босатылады;
- Электрондық шот-фактура бойынша автоматтандырылған бақылау енгізіледі, салықты қайтару рәсімі жеңілдетіледі.
ҚҚС тіркеу шегі:
20 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін төмендетіледі.
Арнайы салық режимдері:
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жылдық табысы 15 млн теңгеге дейін болса – 4%, жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу міндетті емес.
Жеңілдетілген декларация:
Табыс 600 мың АЕК-ке дейін (шамамен 2,36 млрд теңге), мөлшерлеме – 4% (2-ден 6%-ға дейін өзгеруі мүмкін).
Шаруа және фермер қожалықтары бірыңғай жер салығынан жеке табыс салығына көшеді.
Салық жеңілдіктерін реформалау:
- Жеңілдіктерді енгізу, ұзарту және жою бойынша нақты тәртіп бекітіледі.
- Мониторинг жүргізу жауапкершілігі салалық мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Жалпыға бірдей декларациялау:
Азаматтар активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырудан босатылады. Бірақ егер шетелде активі болса, не Қазақстанда және одан тыс жерде құны 20 000 АЕК-тен (шамамен 78,6 млн теңге) асатын мүлік сатып алса, декларация тапсыруға міндетті.
Басқа өзгерістер:
Бизнес тіркелген сәттен бастап «фискалдық сүйемелдеу» жүйесі енгізіледі. Негізгі басымдық – салық төлеушіні қолдау және әкімшілік кедергілерді азайту.
Салықтық тексерулер мен қызметті тоқтату мерзімдері қысқартылады.1500 АЕК-ке дейінгі (шамамен 5,9 млн теңге) салықтық қарыз үшін кепілсіз бөліп төлеу мүмкіндігі пайда болады.
Сондай-ақ, алымдар мен төлемдер қысқарады. Бірыңғай жер салығы жойылады.
Жаңалықтар
- Атыраудағы қандықол күйеу бала: Жоғалған отбасының ұлы мен қызының мүрдесінен үшкір заттан алған жарақаттар анықталды
- Соғыстың 12-күні: Иран көмек сұрай бастады, Трамп соғысты аяқтау туралы айтты
- Алматыда бұрынғы полиция шенділеріне есірткі сатушыларға «қорған болды» деген айып тағылып, 12 адамға қатысты сот ісі басталды
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды