Жеңіс Қасымбек Астанаға жаңа қала қосылатыны туралы мәлімдеме жасады

cover Фото: Ашық дереккөзден

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қосшы мен қала маңындағы елді мекендерді елордаға қосу жоспарланған ба, деген сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Биыл қаңтарда 2035 жылға дейін Астана қаласын дамытудың бас жоспары бекітілді. Сондықтан осы құжат негізінде мәлімдеме жасай аламын. Құжатқа сәйкес, осы кезеңде Қосшыны Астана қаласына қосу жоспарланбаған», - деді қала әкімі Үкіметтің баспасөз орталығында.

Астана қаласының әкімі қала маңында орналасқан елді мекендерде тиісті әлеуметтік нысандар салынатынын жеткізді.

«Алдағы уақытта (елордаға) жақын орналасқан елді мекендерді қалаға қосу жоспарда жоқ. Біз Ильинка, Үркер елді мекендері қалаға тиіп тұрғанын білеміз. Олар бір елді мекен, ортасын жол бөліп тұр. Ильинкада тұратын балалар Үркерде оқып жатыр. Қазір біз Ильинкада 2 мектеп салып жатырмыз. Себебі, онда 30 мыңнан аса адам тұрады. Болашақта осындай мәселе туындауы мүмкін. Алайда қазір ресми түрде ондай құжат жоқ», - деді ол.

Тілге тиек етсек, 2021 жылы Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала атанған болатын

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар