Жемқорлық: Екібастұзда ТЖМ басшысы орынбасарымен қоса сотталды

cover Фото: Orda.kz

Екібастұз қаласында төтенше жағдайлар басқармасының басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

31 наурыз күні Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты қаланың төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Д.Куконевке үкім шығарды. Сонымен қатар оның орынбасары Ж.Майманов пен кәсіпкер Б.Жұмашев та сотталды.

Антикордың мәліметінше, Куконев пен Майманов Жұмашевтан 7,4 млн теңге көлемінде бірнеше рет пара алған. 

Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. 

Айта кетейік, Қазақстанда жол ережесін бұзған мопед жүргізушілері бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар