Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаев 2 жылға бас бостандығынан айырылды

cover Фото: qamqor.gov.kz

Қарағанды ​​сотында жедел жәрдем жүргізушісін ұрды деп айыпталған Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот 2 жылға бас бостандығынан айыру  туралы үкім шықты.

Сотта Дәкебаев істеген қателіктерін мойындайтынын және өкінетін айтты.

«Құрметті судья, болған оқиға үшін кешірім сұраймын. Мені бас бостандығымнан айырмауыңызды өтінемін. Өйткені мен үш баланың асыраушысымын.  Мен өзімнің ақымақ әрекеттерімнің салдарын көріп отырмын және қатты өкінемін», — деді соттағы соңғы сөзінде айыпталушы.

Дәкебавқа 107-баптың 2-бөлігінің 5-тармағы бойынша, яғни бұзақылық ниетпен жәбірленушінің денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деген айып тағылды.

Сотта прокурор Нұрболат Дәкебаевты 3 жылға бас бостандығынан айыруды және одан жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңге өндіруді сұраған болатын.

Еске сала кетейік, биылғы жылдың қаңтар айында Нұрболат Дәкебаев Қарағандыдағы шағын аудандардың бірінде дәрігерлер бригадасымен шақыртуға келген жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлын соққыға жыққан болатын. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар