Назарбаев ресейлік саясаткерлердің мәлімдемесіне жауап берді

cover

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік саясаткерлердің Қазақстанның солтүстік облыстары туралы айтқан сөздеріне жауап берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Біреулер Ресейде үлкен Сібір бар десе, Батыста: «Сібірді бөлу керек» деген пікір айтылады. Бұл да сол сияқты. Ресей Сыртқы істер министрі Лавров Ресейдің Қазақстанға ешқашан территориялық шағымдары болмағанын айтты. Басқа сұрақтар ресми жоспарда нақты түрде қойылуы керек. Бүгінде кім не айтпайды? Саясаткерлер әр түрлі нәрселерді айтады, - деді Назарбаев деректі фильмі аясында болған сұхбатында.

Елбасы мұндай мәлімдемелерге назар аудармауға шақырды.

– Жерді сыйға берді деген әңгімелер де болды. Қандай жер сыйға тартылды? Егер біз Алтын Орданың мұрагерлері болсақ, онда Мәскеу княздігі бізге алым төлеген. Сонда біз де 800 жылдық тарихты еске түсіруіміз керек пе? Сондықтан, біз мұндай айтылған сөздерге назар аудармауымыз керек. Қазір интернет, сөз бостандығы, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар