Жасөспірімдерден 20 млн талап еткен 4 азамат сотталды
Фото: Depositphotos
Кәмелеттік жасқа толмағандардан 20 млн теңге талап еткен 4 азаматқа сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана прокуратурасының мәліметінше, тергеу кезінде қылмыскерлер жәбірленушінің жақын арада шетелге кететінін және ата-анасының ақшасы туралы біліп, қастандық жасаған. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнен 20 млн теңге талап еткен.
«Суық қару арқылы олар балаға психологиялық қысым жасап қылмыскерлер 4 млн теңге алған. Топтағы екі адам жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде кезекті төлем алып жатқан жерінен ұсталды. Кейін басқалары да қолға түсті», деп мәлімдеді прокуратура.
Прокурорлар бопсалағандардың кінәсін дәлелдеді.
Олардың әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жәбірленушіге материалдық залал толығымен өтелді.
Сотталғандардан жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге моральдық залал өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында 7-сынып оқушыларының үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын.
Жаңалықтар
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды