Жаркентте тағы бір әскери көз жұмды

cover Фото: gov.kz

Жаркент гарнизонында әскери бөлімдердің бірінің офицері мерт болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қайғылы оқиға бүгін, 14 қарашада болған. Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қаза тапқан. Мәліметтерге сүйенсек, офицер жарақатты жоспардан тыс сабақ өткізу кезінде алған.

«Қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілуге жатпайды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі» делінген хабарламада.

Еске салайық, 7 қараша күні  ШҚО-да сарбаз өз-өзін атып жібергенін хабарлаған едік. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар