Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр

cover Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар тоқтар емес. Қазақстанда медицина қызметкерлері көмекке келіп, өздері жәрдемге мұқтаж болып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.      

Мәселен, Астанада жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына науқасқа жірдем беру үшін келді, онда екі мас ер адам болған. Солардың бірінің жағдайы нашарлап кеткен.

Дәрігерлер оған көмек көрсетіп, кеткелі жатқан кезде ер адамдардың бірі аяқ астынан мінез көрсетіп, фельдшерді ұрып жіберген.

 

ҚР ІІМ бейнежазбасы

Оқиға орнына полиция келіп,  жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшеріне шабуыл жасаған адам ұстады. Медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Orda.kz Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Еске салсақ, былтыр мемлекет басшысы медициналық қоғамдастықтың және белсенді азаматтардың медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны және қатыгездік көрсеткені үшін жауапкершілікті қатаңдату ұсынысын қолдады. Тоқаев медицина қызметкерлеріне шабуылдағандарға жазаны күшейтуді тапсырған болатын. 

Енді бір медицина қызметкеріне шабуыл жасаған адам 2-7 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін сотталады. Бірнеше  медицина қызметкеріне шабуыл жасағандар 15 жылға бас бостандығынан айырылады. Мұндай шешімге осындай оқиғалардың көбейіп кетуі себеп болды. Дегемен қатаңдатылған заң шаралары да еліміздегі медицина қызметкерлеріне шабуылды азайтар емес.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар