Жапаров досына не үшін ренжіді: Қырғызстан ҰҚК беделі түсіп кетті
Фото: Қырғызстан президентінің ресми сайты
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетін ауқымды реформа күтіп тұр. Алдағы өзгерістер туралы республика президенті Садыр Жапаров «Кабар» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz АКИpress-ке сілтеме жасап.
Сұхбат барысында журналист арнайы қызмет беделіне қатысты сын пікірлерді алға тартқан. Айтуынша, кейбір қызметкерлер ҰҚК куәліктерін орынсыз көрсетіп, «чекист» атағы абыройына нұқсан келтіріп жүр.
Мемлекет басшысы бұл жағдайдан хабардар екенін айтып, осы мәселе бойынша бұрынғы ҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиевке бірнеше рет ескерту жасағанын жеткізді.
«Мен: «Досым, ҰҚК-нің беделін көтер. Оның абыройы КСРО ҰҚК-дей болуы керек. Қазір кейбір қызметкерлер куәліктерін тіпті дүңгіршектерде көрсететін жағдайға жетті. Мұндай сыни пікірлерден арылу қажет» деп талай рет айттым», — деді Садыр Жапаров.
Президенттің сөзінше, реформа бұған дейін ҰҚК құрамынан Шекара қызметі мен Мемлекеттік күзет қызметін шығарумен ғана шектелмейді.
Алдағы уақытта ҰҚК тек өзіне тән негізгі міндеттермен айналысады: барлау және қарсы барлау, конституциялық құрылысты қорғау, терроризм, экстремизм, бандитизм және есірткінің заңсыз айналымымен күрес. Осы бағыттар бойынша тергеу жүргізу құқығы ведомство құзырында қалады. Ал экономика саласына араласуға тыйым салынады.
«ҰҚК нақты немен айналысатынын және онда кімдердің қызмет ететінін ешкім білмеуі тиіс», — деп атап өтті Жапаров.
Оның айтуынша, реформадан кейін бұл құрылым «бұрынғы КГБ-ға ұқсас нағыз арнайы қызметке» айналады. Ал Ішкі істер министрлігі тек өз тікелей міндеттерімен ғана шұғылданады. Құзыреттердің нақты тізімі жасалып, заңнамалық тұрғыда бекітіледі.
Сонымен қатар, Қырғызстанда жаңа Тергеу комитеті құрылмақ. Негізгі тергеу функциялары осы органға беріледі және ол тікелей президентке бағынатын болады.
Жапаровтың айтуынша, қазіргі жүйеде жедел-іздестіру қызметі мен тергеу бір министрге бағынады. Бұл әділетсіздікке әкелуі мүмкін. Мәселен, жедел қызметкер күмәнді материал әкелсе, тергеуші оның соттан өтпейтінін көріп бас тартуы ықтимал. Алайда министрдің қысымымен іс қозғалуы мүмкін.
Жаңа Тергеу комитеті «шала немесе қолдан жасалған» істерді қабылдамайды, деп сендірді президент. Соның арқасында жазықсыз азаматтар қамауға алынбайды.
«Экономикалық қылмыстарға да сол қағида қолданылады, егер шынымен қылмыс жасасаң — жауап бересің, ал жала жабылса — бостандыққа шығасың. Бір-біріне бағынбайтын екі орган объективті шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл болашаққа бағытталған қадам», — деді мемлекет басшысы.
Президенттің мәлімдеуінше, реформа келесі жылы басталады. Биыл Қырғызстанда ШЫҰ саммиті мен Көшпенділер ойындары өтетіндіктен, негізгі өзгерістер кейінге қалған.
Еске сала кетейік, 10 ақпанда Садыр Жапаров Камчыбек Ташиевті барлық лауазымдарынан босатты. Президент әкімшілігі мәліметінше, бұл қадам «мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы алауыздықтың алдын алу» мақсатында жасалған. Бұл шешім Қырғызстан президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы үндеу аясында қабылданды.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Қырғыз президентінің саяси серіктесі Ташиев бүкіл қызметінен босатылды
- Қамшыбек Ташиевтің сыныптасы министрліктегі жылы орнын босатты
- Қырғызстанда парламент спикері отставкаға кетті
- Елді екеулеп басқарғыларыңыз келе ме? Қырғыз басшысына қойылған сұрақ
Жаңалықтар
- Тегеранға жасалған соққылар кезінде жараланған Хаменеидің кеңесшісі көз жұмды
- 25 млн теңге талап еткен: Жетісу облысында бұрынғы жігітін бопсалаған бойжеткен ұсталды
- Еліміздің әртістері миллиардтаған табыстан қағылып келген
- Тоқаев Азия чемпионатында табысты өнер көрсеткен Қазақстанның ұлттық бокс құрамасын құттықтады
- Тоқаев «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды
- Құрылтай сайлауы тамыз айында өтеді
- Қостанайда ер адам тұрғындарды алдап, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды
- Импортқа тәуелділік қашан азаяды? Мәжілісте мұнай-газ мәселесі көтерілді
- Баламды төртке бөліп тастапты: Бірін қабірге аттандырып, екіншісін мүгедек еткен 21 жастағы жүргізушіге сот жеңіл жаза берді
- Зеленский Ресейде Telegram-ның бұғатталуы туралы: Соғысты тоқтату үшін
- Украина Пасха мерекесіне орай уақытша бітімге келуге дайын екенін мәлімдеді
- Жетісудағы қатыгездік: Дәрігерді күрекпен аяусыз сабап тастады
- Шығын — 4 миллиард теңге: Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған «басшы» Грузиядан экстрадицияланды
- 4 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталды: Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды
- Ертеңнен бастап негізгі ҰБТ-ға өтініш тастауға болады: Тестілеу қашан басталады?
- Дикий Арман қырғыз моделімен ажырасып кетті
- Қаза тапқандар бар: Камчаткада жоғалған туристер табылды
- Тоқаев қазақстандық боксшы қыздарымызды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
- Иран АҚШ пен Израильден өтемақы талап етпек
- Түркияда нөсер жаңбыр салдарынан екі адам қаза тапты