Жанармай бекетінде пышақтаған: Байкерге шабуыл жасаған ер адам 11 жылға сотталды

cover Фото: Бейнеден кадр

Жамбыл облысындағы Мерке ауылының маңындағы жанармай бекетінде белгісіз адам ресейлік байкерді пышақтап кеткен. Сот күдіктіні 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.

Сотта айыпталушы бұл әрекетін «мотоцикл жүргізушілеріне деген жеке өшпенділіктен» жасағанын айтқан.

Бастапқыда күдіктіге қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі «пышақ қолдану арқылы жасалған бұзақылық» бойынша айып тағылған еді. Артынша іс ауырлатылып, ер адамға «суық қаруды заңсыз алып жүру» және «бұзақылық ниетпен адам өлтіруге оқталу» бойынша да айып тағылды. 

Сотта прокурор 15 жыл бас бостандығынан айыруды және 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде айыппұл салуды сұрады. 

Сот күдіктіні кінәлі деп танып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Жаза жеңілдететін жағдай ретінде оның кәмелетке толмаған балаларының бары ескерілді.

Сонымен қатар, сот шешімімен айыпталушы жәбірленушіге 500 мың теңге моральдық өтемақы және 1,3 миллион теңгеден астам материалдық шығын төлеуге міндеттелді. 

Еске сала кетйік, оқиға  13 сәуір, жексенбі күні Жамбыл облысы, Мерке ауылы маңындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде болған. Ресейлік байкер Шымкенттегі мотомаусымның ашылуынан қайтып келе жатып, мотоциклін жанармаймен толтыру үшін тоқтаған. Осы кезде қала тұрғыны жақындап келіп, мотоцикл жүргізушісіне екі рет пышақ сұққан.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар