Жаңа заң жобасы: Еліміздегі шетелдік компаниялар шартты түрде ҚҚС төлейді
Коллаж: Егемен Қазақстан
Қазақстанда Қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты жаңа ережелер қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
«Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 102-бабының 1-тармағын іске асыру, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы аумағында интернет-платформа арқылы электрондық сауда қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияларды шартты түрде ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу тәртібін айқындау.
Жобадан күтілетін нәтиже – ҚҚС төлеушіні шартты тіркеу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру арқылы салықтық әкімшілендіруді жетілдіру. Бұл көлеңкелі экономиканың үлесін азайтып, мемлекеттік бюджетке түсетін салық көлемін арттыруға ықпал етеді» деп жазылған ҚР Қаржы министрлігінің «ҚҚС төлеушіні шартты түрде тіркеу ережелерін айқындау туралы» жобасы сипаттамасында.
Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, оның әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де теріс салдары жоқ.
Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлттық банкпен бірлесіп 2024 жылдың төртінші тоқсанынан бастап цифрлық теңгені пайдаланып, «Цифрлық ҚҚС» пилоттық жобасын жүзеге асырып жатыр.
2025 жылға дейін ҚҚС мөлшерлемесін арттыру жөніндегі екі әрекет сәтсіз аяқталды. Бірақ қазір салық реформасы шешілген мәселе ретінде қарастырылып жатыр.
Жыл басында ҚҚС экономиканың барлық саласы үшін 20% емес, ауыл шаруашылығы секторы үшін ол нөлдік деңгейде қалады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин.
Ақпан айының басында Үкімет қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыру туралы шешімін жариялағаннан кейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кезектен тыс кеңейтілген отырыс өткізіп, қарсы уәж айтты.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін