Жамбыл облысының жері қытайлықтарға беріле ме?
Фото: Pexels
Әлеуметтік желілерде Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығының ірі жер телімдерін бермек деген ақпарат тарап жатыр. Автордың айтуынша, келіссөздер 2009 жылдан бері жүргізіліп, жер көлемі 1,7 млн гектарға жеткен. Осы ақпаратқа қатысты министрлік нақты жауабын берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл мәселеге қатысты Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді:
«Қазақстан Қытайға ауыл шаруашылығы мақсатында жер береді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл – фейк. Әлеуметтік желі қолданушыларына ескертеміз: БАҚ немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады. Тек ресми дереккөздерге сеніңіздер», — деді ҚР СІМ.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді:
«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 23-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жерлерді қоспағанда, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік (мемлекеттік емес) заңды тұлғалар меншік құқығы бар жер учаскелеріне ие бола алады», — деп жауап берді.
Министрліктің мәліметіне қарасақ, бұл құқық жер учаскелері өндірістік және өндірістік емес нысандарды, соның ішінде тұрғын үйлер мен кешендерді салуға берілген жағдайда ғана қолданылады. Сондай-ақ мұндай нысандар оларды күтіп-баптауға арналған жерлерге де қатысты.
Алайда Мемлекет шекарасының шекаралық белдеуінде орналасқан жер учаскелері жеке меншікке немесе уақытша жер пайдалану құқығына берілмейді.
Ал Жер кодексінің 24-бабына сәйкес, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар қазақстандық заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы үшін жер учаскелеріне жеке меншікке немесе жер пайдалану құқығымен ие бола алмайды.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды