Жамбыл облысындағы дәмхананың шатыры өртенді

cover Фото: ТЖМ

22 мамыр күні таңертең Жамбыл облысы Қордай ауылында бір қабатты дәмхананың шатыры өртенді.

Өрт 200 шаршы метр аумаққа жайылып, ғимараттың едәуір бөлігін қирату қаупі бар.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетті, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт толығымен сөндірілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар