Жамбыл облысында пәтерлерде жүздеген «көрінбейтін тұрғын» тіркеліп алған

cover Фото: Pixabay

Жамбыл облысында көші-қон заңнамасы сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған жұмыстар кезінде жүздеген заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бір тұрғын үйге ондаған, тіпті жүздеген адам ресми түрде тіркеліп, алайда іс жүзінде тұрмайтын халық арасында «резеңке пәтер» деп аталатын мекенжайлар тізіміне енді. Бұл құбылыс көші-қон саласындағы тәртіпті әлсіретіп, есеп жүйесінің нақтылығына кері әсерін тигізетіні белгілі.

«Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының 653 азаматы мен ТМД елдерінің 26 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полицейлер жалған тіркеу белгілері бар 839 мекенжайды анықтап, онда жалпы саны 16 306 адамның тіркеуде тұрғанын анықтады. Аталған азаматтардың бір бөлігі бұл мекенжайларда ешқашан тұрмағаны анықталды. Сонымен қатар азаматтарды нақты тұрғылықты жерінсіз тіркеуге жол берген 82 адам жауапқа тартылды. Бұдан бөлек, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрған 414 дерек тіркелді. Тағы 143 адамның жарамсыз құжатпен немесе уақытша тұру орны бойынша бір айдан астам тіркеусіз өмір сүргені белгілі болды», деп жазды ішкі істер министрлігі.

Сондай-ақ, ІІМ өз үйінде іс жүзінде тұрмайтын адамдарды тіркеуге жол бергені үшін 47 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар