Жалған ПТР нәтижесін сатқан тәжікстандық студент құрықталды

cover Polisia.kz сайтынан

Жалған ПТР нәтижесін сатқан медицина университетінде оқитын Тәжікстан азаматы ұсталды.  

Бұл туралы  Orda.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жеке медициналық орталықтың егу бөлмесінде медициналық қызметкер болып жұмыс істейтін 25 жастағы медицина университетінің студенті ұсталды.

– Бізге келіп түскен жедел ақпаратты біз бірнеше күн бойы тексердік. Нәтижесінде бұл ақпарат расталды. Күдікті өз қызметін 20 мың теңгеге бағалаған. Өз кінәсін толық мойындап отырған Х.есімді азамат тек қана бір рет жалған ПТР нәтижесін жасағанын алға тартып отыр, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Аталған факт бойынша сот алды тергеу ісі ҚР ҚК 385-бабы 1-тармағы бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оның қанша адамға жалған құжат дайындап бергендігі анықталады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар