Жүк көлігі апатынан полиция қызметкері қайтыс болды

cover

Екатеринбург - Алматы автожолында Балқаш қаласынан 45 шақырым жерде, Қарағанды бағытында таңғы сағат 6.40-та облыстық патрульдік полиция батальонының 33 жастағы инспекторының басқаруымен Kia rio патрульдік автокөлігі мен Volvo жүк автокөлігінің қатысуымен жол апаты орын алды.

—  Апат салдарынан алған жарақаттардан қызметте болған облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторы 46 жастағы Хайдар Оразбаев қайтыс болды, арнайы машинаның жүргізушісі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады Қарағанды полиция департаменті.

Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Полиция аға лейтенанты Хайдар Оразбаев ішкі істер органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Үйленген. Төрт бала тәрбиелеп өсірді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар