Зеленский тұтқындағы КХДР азаматтарын украиналықтарға ауыстыруды ұсынды

cover Фото: видеодан кадр

Украина президенті өзінің телеграм каналында тұтқындағы ҚХДР сарбаздары туралы бейне жариялады, деп хабарлайды Orda.kz

Зеленский өз отандастарын тұтқындармен ауыстыруға дайын екенін мәлімдеді.

«Егер Ким Чен Ын Ресейде тұтқында отырған жауынгерлерімізді ауыстыра алса, онда Украина олардың бізде ұсталған әскерін қайтаруға дайын», – деп жазды Владимир Зеленский. 

Сондай-ақ Зеленский еліне қайтқысы келмейтін жауынгерлерге де шара қолданатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Зеленский Украинаға қарсы соғысып жүрген КХДР сарбазының тұтқынға алған мәлімдемесі туралы жазған болатынбыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар