Зеленский Стамбұлдағы келіссөздің сәтсіз өтетініне сенімді
Фото: Бейнежазбадан кадр
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей делегациясының Стамбұлдағы келіссөздерге қатысу деңгейін «жасандылыққа ұқсайды» деп бағалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Зеленскийдің айтуынша, Ресей тарапы келіссөзге шынайы ықылас танытып отырған жоқ.
«Біз Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен және кеңейтілген түрік делегациясымен кездесуімізді бастаймыз. АҚШ өкілдерімен де байланыс орнаттық, олар да Түркияда жоғары деңгейде қатысады деп ойлаймын. Ал Ресей делегациясының деңгейіне келсек, әзірге ресми ақпарат жоқ, бірақ біз көріп отырған жағдай – бұл бар болғаны жасанды көрініске көбірек ұқсайды», – деді Владимир Зеленский.
Сондай-ақ ол Ердоғанмен бірнеше сағатқа созылатын кездесуден кейін алдағы қадамдар нақтыланатынын атап өтті.
Ал Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова түрік тарапының өтініші бойынша Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздердің түстен кейінге шегерілгенін хабарлады.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды