Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
Фото: Зеленский мұрағатынан
Украина президенті Владимир Зеленский италиялық Corriere della Sera басылымына берген сұхбатында Иран Ресей үшін көп көлемде қару-жарақ, әсіресе дрондар мен зымырандар өндіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, осы себепті Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім.
Сонымен қатар ол Таяу Шығыстағы қақтығыстар салдарынан Киев әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандарына қатысты қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін де атап өтті. Зеленский Иранға қарсы операция ұзаққа созылатын соғысқа ұласпайды деген үміт білдірді.
Зеленский РФ–Украина–АҚШ форматындағы үшжақты кездесуді еш тарап тоқтатпағанын және оның 5 немесе 6 наурызда өтуі мүмкін екенін айтты.
«Мүмкін, кездесу Әбу-Дабиде өтпес. Егер Ресей бейтарап орын қаласа, мен Женева қаласын қалар едім, сондай-ақ Австрия, Ватикан немесе Түркия да қолайлы нұсқа бола алады», – деді ол.
Зеленский «ешқашан Донбасты және онда тұратын 200 мың украиндықты тастамайтынын» тағы да баса айтты.
Сайлау мәселесіне тоқталған Украина басшысы өзінің қайта үміткер болатынына сенімді емес екенін жеткізді. Оның айтуынша, Украинада сайлау соғыс аяқталғаннан кейін ғана өткізіледі, уақытша бітім кезеңінде сайлау өтпейді.
Оқи отырыңыз:
- Зеленский Трамппен нені талқылады?
- Зеленский: Талап Украинаға ғана қойылады
- «Кәрістер» сценарийі бойынша соғысты аяқтау Украинаға келмейді – Зеленский
- Тақырып «Украина мәселесін реттеу» болмақ: Зеленский келіссөз үшін Швейцарияға келді
Жаңалықтар
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды