Зеленский 30 күнге дереу бітім жасасуды ұсынды
Фото: Зеленскийдің телеграм-арнасы.
Украина президенті Ресейдің уақытша оқ атуды тоқтату ұсынысына пікір білдірді. Бұған дейін Путин жеңіс мерейтойына орай 8 мамыр түн ортасынан 11 мамыр түн ортасына дейін бітім жариялаған болатын, деп хабаралайды Orda.kz.
Зеленский бұл қадамды «айла-шарғы» деп атап, Украина наурыз айында АҚШ-тың толық бітімге келу туралы бастамасына келісім бергенін еске салды. Оның айтуынша, ұрысты тоқтату үшін 8 мамырды күтудің қажеті жоқ.
«Біз шерулерді емес, адам өмірін бағалаймыз. Бітім дереу, толық әрі сөзсіз болуы керек. Кем дегенде 30 күнге. Бұл — нағыз дипломатияның негізі», — деді Зеленский.
Бұған дейін Путин 19 сәуір күні сағат 18:00-ден 21 сәуір түн ортасына дейін Пасха мерекесіне орай бітім жариялаған еді. Сол кезде тараптар бір-бірін келісімді бұзды деп айыптаған болатын.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды