Запастағы 850-ден астам офицер әскери қызметке шақырылады
Фото: gov.kz
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскердегі кадр тапшылығын азайту үшін 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыруды жоспарлап отыр, хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның мәліметінше, шақыру «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заң аясында жүзеге асырылады.
«700 офицер Қарулы күштер қатарына жіберіледі. 80 адам — шекара қызметіне, 64 — Ұлттық ұланға, ал 15 офицер төтенше жағдайлар министрлігіне жолданады» деп жазды министрлік.
Әскери қызметке денсаулығы жарамды, 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер шақырылады. Ал медициналық мамандық иелері үшін жас шегі — 32 жас. Ең қажетті бағыттардың қатарында авиациялық, инженерлік, артиллериялық, радиотехникалық, әскери-көлік, медициналық, тылдық, ақпараттық және барлау салалары бар.
Шақырылған офицерлердің әлеуметтік қамтамасыз етілуі келісімшарт бойынша әскери қызметшілер деңгейінде жүзеге асырылады. Қызмет атқару кезінде олар ақшалай үлеспен, тұрғын үй немесе тұрғын үй төлемдерімен, тамақпен және медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.
Офицерлер қызметті өздерінің әскери есепте тұрған немесе тұратын жері бойынша өтейді. Тұрақты жұмысы жоқ әрі әскери қызметке қайта оралуға дайын азаматтарға басымдық беріледі. Шақыру қағазын алған жағдайда офицер жеке куәлігі мен әскери билетін алып, жергілікті әскери комиссариатқа келуі міндетті.
«Отбасылық жағдайына, денсаулығына немесе оқуын жалғастыруына байланысты кейінге қалдыру мүмкіндігі бар. Алайда бұл шешімді шақыру комиссиясы жеке тәртіппен қабылдайды» деп хабарлады ведомство.
Еске сала кетейік, әскерде жарақат алған немесе қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары ұлдарының өліміне қатысты істі қайта тергеуді талап етіп жатыр.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты