Қызылордадағы «саяси тұтқын» ауыр жағдайда ауруханаға түсті

cover Азаттық

Қызылордадағы тергеу абақтысында 7 ай болған белсенді Мұратбай Баймағамбетовтың жағдайы күрт нашарлады. Ол 1 сәуір белгісіз жағдаймен ауруханаға түсті. Дәріргерлер оның жағдайы ауыр дейді.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Белсенді 2020 жылы қыркүйекте «Тыйым салынған ұйымның ісіне араласты» деген күдікпен тергеу изоляторына жіберген.

Баймағамбетов не себепті ауруханаға түскені белгісіз. Хабар жақындарына кеше 31 наурыз кешке жеткен. Жағдайын білуге келгендер ауруханаға кіре алмады.

– Ішін жарақаттап, өз-өзіне қол салмақ болды дейді. Бірақ өз басым оған сенбеймін. Ол кісі 7 ай бойы осыған шыдап, «елім, жерім» деп жылап жүрген кісі. Өте салмақты адам. Оның үстіне қамалғандарда өткір зат болмайды. Өздері ұрып-соққан сияқты, – дейді белсенді Индира Ерубаева.

Қызылорда көпбейінді қалалық ауруханасының дәрігері Бауыржан Төлегенұлының айтуынша, науқас 1 сәуірде жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Науқасқа жедел операция жасалған. Ол емін реанимация бөлімінде жалғастырып жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр.

Ал полиция оқиғаға ешқандай түсініктеме бермеді.

Еске салсақ, Мұратбай Баймағамбетов Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын қолдағаны үшін сотталған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар