Қызылорда: балалар ойнайтын алаңда жарылыс болды

cover

Қызылордада балаларға арналған ойын-сауық орталығында газ жарылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды

Қызылордалық төтенше жағдайлар департаменті жарылыс бүгін таңғы сағат 7: 20-да Алтынсарин көшесінде болғанын хабарлады. Балалардың ойын орталығы екі қабатты болған, өрттің салдарынан бірінші қабат түгелдей жанып кетті.

«Жарылыс нәтижесінде 50 шаршы метр аумақтағы ағаш бастырма мен сарай құлап, Жеңіс көшесіндегі 20 үйдің терезелері зақымданды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына 42 өрт сөндіруші мен алты құтқарушы барғанын айтты. Өрт 8: 15-те сөндірілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар