Қытайдағы антимонополияны реттеуші Alibaba Group-қа қатысты тергеу бастады

cover

ҚХР Мемлекеттік нарықты реттеу басқармасы электрондық коммерция алыбы Alibaba Group монополиясына қарсы тергеу процедурасын бастады. Бұл туралы ORDA. бөлім мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлайды.

Үкіметтің нарықтық реттеушісінің хабарламасында:

«Заңға сәйкес, Alibaba Group монополистік іс-әрекеттерге күдікті ретінде тергеуге алынды», - делінген.

Өз мәлімдемесінде Қытайдың мемлекеттік реттеушісі Alibaba Group сатушыларын «екінің бірін таңдауға» мәжбүрлеп, өзімен ғана жұмыс істеуге және бәсекелестерінен аулақ болуға мәжбүр ететін тәжрибесі туралы мәлімдеді.

Alibaba Group бейсенбіде хабарлама алғанын және заңнамалық тексерулерді белсенді түрде жүргізетінін растады. Оның акциялары Гонконг қор биржасында 8,1% төмендеді.

Еске салсақ, Alibaba Group Қытайдың ең ірі электронды коммерциялық платформалары Taobaoға иелік етеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар