Үндістандық әуекомпания Алматыға ұшатын рейстерін тоқтатты
Фото: Pixabay
Үндістандық лоукостер бірнеше елдің астанасына ұшатын әуе рейстерін тоқтатты, оның ішінде Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы да бар, деп хабарлайды Orda.kz.
Әуекомпания Алматы, Тбилиси, Баку және Ташкент бағытына ұшатын әуе рейстерін тоқтатты. Компанияның мәліметінше, Иранда болып жатқан жағдай рейстерді тоқтатуға себеп болып отыр. Олар жолаушылар қауіпсіздігі үшін осындай қадамға барған.
«Болып жатқан келеңсіз жағдайлардың үдеп бара жатқанын ескеріп, барлығын бақылауда ұстаймыз. Алдағы уақытта шығатын жаңалықтар мен өзгерістер туралы біз өз арнамызда хабарлаймыз. Сіздердің шыдамдылықтарыңызға алғыс айтамыз» деп жазды әуе компаниясы.
Бұған дейін әуе компаниясы 26, 27 және 28 қаңтарда Делиден Алматыға, Тбилисиге, Ташкентке, Бакуға және кері бағыттағы рейстерді тоқтатқан болатын.
Оқи отырыңыз:
- Ресей мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынас үзілуге шақ тұр
- Зеленский ирандық ИРСК-ны террористік ұйым деп таныды
- Үндістан қазақстандықтарға 30 күндік визасыз режим енгізді
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес