«Үй тапсырмасы мен баға болмайды»: Білім министрлігі - жазғы мектеп туралы

cover Фото: Ашық дереккөзден

27 мамырда су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқушылары мен қыста қашықтықтан білім алған оқушылар үшін жазғы мектеп басталады, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

2622 орта білім беру мекемесі оқушыларға білім олқылықтарын толтыруға мүмкіндік береді.

«Жазғы мектеп су тасқынынан зардап шеккен және қыста ауа райының қолайсыздығынан қашықтан оқытылған 832 мың оқушыны қамтуды жоспарлап отыр. Мұғалімдер баға қоймайды, үй тапсырмасын бермейді», - деп түсіндірді ҚР Білім министрлігі орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев. 

Оқушылар жазғы мектепке ата-анасының келісімімен және өз еркімен барады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар