Вьетнамда жоғалған қазақстандық саяхатшы Әсем табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы оның әпкесі Рузана өзінің әлеуметтік желісіне хабарлады. Оның айтуынша, Әсем жағдайы туралы ешкімге тіс жармай тұра тұруын өтінген. Рузана сыртқы Істер министрлігіне алғысын айтты. Orda.kz тілшісі Рузанамен байланысқа шықты, алайда Әсемнің әпкесі ешқандай пікір бере алмайтынын алға тартты.
«Мен кейінірек барлық БАҚ өкілдеріне жауап беруге тырысамын. Қазір бізде билетке ақша керек болып жатқандықтан, мәселе туындап отыр. Менен Консулдықта ақша сұрады және оны қазір ауруханаға алып бара жатыр. Мен қазір Отбасы банктегі есепшотымды жабуым керек. Ақшамен мәселемді шешіп алған соң БАҚ өкілдеріне жауап беруге шығамын», – деді Рузана.