Вакцина паспортын қолдан жасағандарға қандай жаза қолданылады?

cover

Қазақстандықтар вакцина құжаттарын қолдан жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі жалған құжат жасаған қанша адамның анықталғанын және заң бұзушылар қалай жазаланатынын айтты.  

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Алты ай ішінде ішкі істер органдарында вакцина паспорттарын қолдан жасау бойынша төрт қылмыстық іс қаралған. Оқиғалар Алматы қаласы, Алматы және Ақмола облыстарында анықталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Заң бұзушылық үшін жауапкершілік Қылмыстық кодекстің 385-бабында «Жалған құжаттарды, штамптарды, мөрлерді, бланкілерді, поштаның мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау немесе сату» деп көрсетілген.

– Қылмыстық құқық бұзушылықтың осы түрі үшін 2000 АЕК (5,8 млн. теңге. - шамамен) айыппұл түрінде жазалауды көздейтін қылмыстық жауаптылық белгіленеді немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарға - 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы көзделген.  Сондай-ақ, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да бар, - деп түсіндірді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайта анықталса, алдын ала сөз байласу арқылы вакцина паспортын бір топ адамдар жасаған болса, айыппұл 4000 АЕК-ке дейін өседі, бұл 11,6 млн теңге.

Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар