Вакцина алған 16 адам коронавирус жұқтырды

cover

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакциналанған 16 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Ақпарат Кursiv.kz сайтына жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бүгінгі таңда вакцина алғаннан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 16 жағдайы тіркелді, деп түсіндірді комитет.

Бұл адамдарда аурудың ағымы жеңіл және асимптоматикалық түрде жүруде.

Комитет сондай-ақ коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинадан кейінгі иммунитет екпенің алғашқы дозасын алғаннан кейін алты апта аралағында қалыптасатынын еске салды.

Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 вакцинасын алған азаматтарды барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға, бетперде киюге және қашықтықты сақтауға шақырды.

Қазақстанда covid-19 вакциналауы 1 ақпанда басталды, бұған дейін «Спутник V» вакцинасы қолданылды. Аталған екпе түрімен жарты миллионнан астам қазақстандық егілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар